Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан жолдарында әскери техника қозғалады: Қорғаныс министрлігі азаматтарға үндеу жасады

    Әскери техника
    Әскери техника. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Қорғаныс министрлігі ел аумағында әскери колонналардың қозғалысы кезінде азаматтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қорғаныс министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында тамыз және қыркүйек айларында Қазақстанда "Батыл тойтарыс – 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтетіні хабарланды. Осыған байланысты ел аумағында қару-жарақ, әскери техника мен жеке құрамды жауынгерлік даярлық іс-шаралары өтетін аудандарға тасымалдау жүзеге асырылады.

    "Әскерлерді тасымалдау теміржол эшелондары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарымен қозғалатын әскери автолектер, сондай-ақ майдандық және армиялық авиация арқылы аралас тәсілмен жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

    Ведомствоның мәліметінше, жоспарға сай өткізілетін бұл іс-шаралар әскерлердің жауынгерлік машығын жетілдіруге, әскери басқару органдарының, Қарулы күштер түрлері мен тектерінің, сондай-ақ арнайы әскерлердің бірлескен іс-әрекетін нығайтуға және Қарулы күштерді қолданудың заманауи әдіс-тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.

    "Оқу-жаттығу барысында әскерлерді қолдану, құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте бірыңғай жедел түрде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері пысықталады, - делінген хабарламада.

    Осыған орай Қорғаныс министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуді және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады.

    Қазақстан жолдарында әскери техника қозғалады: Қорғаныс министрлігі азаматтарға үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram