42 градусқа дейін аптап ыстық, жаңбыр: 3 тамызда Қазақстанда күн райы қандай болады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Синоптиктер дүйсенбі, 3 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде дауылдық ескерту жариялады, деп деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, 3 тамызда Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп күтіледі. Өңірде +38 градусқа дейінгі ыстық, жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл соғуы ықтимал. Күндіз облыс бойынша +35...+38 градусқа дейін ыстық болады.
Павлодар облысында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады. Күндіз +35...+37 градусқа дейін ыстық күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғады. Күндіз облыс бойынша +35...+39 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады.
Алматы облысының солтүстігі мен орталығында +40...+42 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кешке де аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Жетісу облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +35...+39 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Қарағанды облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Қостанай облысында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады.
Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз +40 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Ақмола облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады.
Сонымен қатар Атырау облысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз +35...+38 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2407271-42-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-zhangbyr-3-tamyzda-qazaqstanda-kun-raiy-qandai-bolady/
