Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда тамыз айының алғашқы күндері аптап ыстық күтіліп отыр

    ыстық
    Ыстық күн. Көрнекі фото: Nikolay DOYCHINOV / AFP via Getty Images

    Синоптиктер тамыз айының алғашқы күндеріне, яғни 1-3 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, жаздың соңғы айында еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады.

    Еліміздің басым аумағында аптап ыстық сақталып, жауын-шашын негізінен жергілікті сипатта және қысқа мерзімді болады.

    Тек солтүстік және орталық өңірлерде ғана қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі және екпінді жел соғады деп күтілуде.

    Ең жоғары температура оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталық облыстарда байқалады, мұнда күндіз ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі.

    Еліміздің батысында 1 тамыздан бастап ауа райы өзгере бастайды, ауа температурасы сәл төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары күйінде қалады.

    Қазақстанда тамыз айының алғашқы күндері аптап ыстық күтіліп отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram