"Алдыма келген жоқ": марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласына қатысты мәлімдеме жасады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ешанқұлова күйеу баласының екінші рет үйленгені туралы ақпарат жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Заңгер Нұрсұлтан Орынбек Instagram парақшасында марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ешанқұлованың бейнеүндеуін жариялады.
Әйел қызының бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел екінші рет үйленіп, той суреттерін жариялағаннан кейін көпшілікке жүгінді. Қазіргі уақытта ер адам суреттерді және әлеуметтік желідегі парақшасын өшіріп тастағна, алайда Ұлдана Мырзуанның отбасы бұл суреттерді бейнеүндеуінде қоса жариялаған.
"Мен Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызының анасы — Салима Ершанқұлқызы. Көпшіліктің сұрауы бойынша алдарыңызға шығып отырмын. Әділеттің бүгінгі іс-әрекеті бойынша "алдарыңыздан өтті ме?" деп жатыр сұрап жатыр.
Жоқ, алдымыздан өткен жоқ. Ата-анасы да, үлкендері де алдымыздан өткен жоқ.
Айта кететін жағдай, қызымның тергеуі болып жатыр. Әділет жәбірленуші ретінде танылған, енді ол жәбірленуші ретінде бас тартқанын қалаймын.
Қызым өзі маңдай терімен алған көлігі болатын және атында 17 жасынан бастап жинақтаған зейнетақы қорында ақшасы болатын. Заң талабына сәйкес зейнет қорындағы ақшасы Әділетке берілді, машинасы ата-анасына қалдырылды. 22-ші шілдеден бастап өзіміздің атымызға аударылды. Осы уақытқа дейін — 18 қарашадан кешегі шілденің 22-сіне дейін — Әділетте болды бұл көлік.
Анасы ретінде қызымның заңды мүдделерін қорғауға өз нийетімді білдіремін", - деді ол.
NUR.KZ тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша тергеудің қай сатыда екенін сұрап, сауал жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы қаптама кірпіш пен кондиционер құлаған еді. Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Белгілі болғандай, оқиға орнында жедел жәрдем фельдшері зардап шекті. Ол ер адамды үйінді астынан алып шықпақ болған кезде оның басына тоғызыншы қабаттан кондиционер құлап кеткен. Жәбірленушіге бассүйек трепанациясы жасалды.
23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның көз жұмғаны туралы 18 қарашада белгілі болды. Жедел жәрдем қызметкері 8 қарашадан бері жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан болатын.
Марқұм болған елордалық жедел жәрдем станциясының 23 жастағы фельдшері Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Артынша қайғылы жағдайда қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел Threads желісінде марқұм әйеліне әсерлі жазба арнады. Жас жұбайлар сегіз жыл кездесіп, 2025 жылы ғана отау құрған. О
Әділет Зейнел жазбасында марқұм келіншегімен қалай танысқанын айтып, екеуінің махаббат хикаясын бөлісті.
"Махаббатым, біз 2017 жылы танысып, тек 2025 жылы тойымызды өткіздік. Сен бізбен тек екі апта ғана тұрып, қасымызда 20 жыл болғандай із қалдырдың. Сен барлығымызға бақыт пен шексіз махаббат сыйладың. Мен сені жақсы көремін. Біз сені жақсы көреміз. Мен сені қатты сағындым.
Алла тағала нағыз махаббатты сездіру үшін маған сені жіберді. Кейін бұл сезімдеріммен бірге сені де алып кетті. 18.11.2025 - өмірімдегі ең ауыр әрі бақытсыз күн болды", - деп жазды ер адам.
Оның жазбасы қазақстандықтардың жүрегінен орын алып, көпшілік жастардың махаббатына жылы лебізін арнап, көңіл айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2406688-aldyma-kelgen-zhoq-marqum-feldsher-uldana-myrzuannyng-anasy-kuieu-balasyna-qatysty-malimdeme-zhasady-video/
