Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыдан Түркияның тағы бір қаласына тікелей әуе рейсі ашылды

    SunExpress ұшағы
    SunExpress ұшағы. Фото: Алматы әкімдігінің ресми арнасы

    31 шілдеден бастап Алматы мен Измир қаласы арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    SunExpress әуе компаниясы ашқан жаңа бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланысты одан әрі нығайтып, қаланың халықаралық әуе желісін кеңейтеді.

    Рейстер 2026 жылдың қазан айының соңына дейін аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737-800 ұшағымен орындалады.

    Ұшақ Измирден сағат 21:00-де ұшып, келесі күні 05:00-де Алматыға қонады.

    Кері бағыттағы рейстер сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады:

    • Алматыдан ұшу – 06:25
    • Измирге келу – 09:50.

    Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кірып, елімізге тікелей рейстер ашатынын жазған едік.

    Алматыдан Түркияның тағы бір қаласына тікелей әуе рейсі ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram