Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жасөспірімге жеткізуге тиіс болған: Алматыда күдік тудыратын сәлемдеме алған курьер полицияға жүгінді (видео)

    Полиция
    Полиция. Кадр: Алматы ПД

    Алматыда қырағы курьер кәмелетке толмаған жасөспірімге жеткізуге тиіс болған сәлемдеме күдік тудырғасын, полицияға жүгінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, курьердің қырағылығы ықтимал құқықбұзушылықтың алдын алды. Бұл жолы қарапайым жеткізу тапсырысы полицияның тексеруіне ұласты.

    Кезекті тапсырысты орындау кезінде жеткізу қызметінің курьері күдік тудырған қорапқа назар аударған. Сәлемдемені алушының кәмелетке толмаған жасөспірім екенін байқаған ол қораптың ішінде тыйым салынған заттар болуы мүмкін деп күдіктеніп, оны тапсырудан бас тартып, бірден полицияға хабарлаған.

    Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері сәлемдемені тексеру барысында оның ішінен электрондық темекі құрылғылары мен құрамында никотині бар тыйым салынған өнімдерді анықтады.

    Кәмелетке толмаған алушы мен сәлемдемені жөнелткен азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. Дерек бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Курьердің айтуынша, мұндай қырағылық кездейсоқ емес. Жеткізу қызметкерлерінің арнайы чатында әріптестер бір-біріне тыйым салынған заттарды тасымалдаудың ықтимал тәсілдері туралы ескертіп, күмәнді тапсырыстарға бей-жай қарамауға шақырады.

    Жасөспірімге жеткізуге тиіс болған: Алматыда күдік тудыратын сәлемдеме алған курьер полицияға жүгінді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram