Талдықорғанда қалалық жағажайдан ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Талдықорғанда қалалық жағажайдан ер адамның денесі табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Жетісу облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдегендей, қалалық жағажай аумағынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция өңір тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
"Шомылу кезінде алкогольді ішімдік ішпеңіздер, жабдықталған және қауіпсіз аймақтардан тыс жерге жүзбеңіздер, сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар", - деп ескертті Жетісу облыстық ПД өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2406092-taldyqorgandagy-qalalyq-zhagazhaidan-er-adamnyng-denesi-tabyldy/
