Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезінен жарықтар табылды: реставрация туралы не белгілі (видео)

    кесененің күмбезін реставрациялау жұмыстары
    Кесененің күмбезін реставрациялау жұмыстары. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезін реставрациялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Реставрацияны "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары кешенді зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жүргізуде. Зерттеу барысында күмбездің сыртқы қабатының беріктігі әлсіреп, жарылған тұстарының көбейгені анықталған.

    "Жұмыстар сыртқы қабаттың одан әрі бүлінуі мен оның жекелеген бөліктерінің құлау қаупінің алдын алуға бағытталған. Бұл қабат кесененің түпнұсқа құрылымына кірмейді. Ал күмбездің тарихи конструкциясы бүгінге дейін бастапқы қалпында сақталған. Күмбездің қабаты оны жауын-шашыннан, желден, күн сәулесінен және өзге де сыртқы факторлардан қорғайды", - делінген хабарламада.

    Министрліктің мәліметінше, алдағы уақытта шешімдер ғылыми зерттеу нәтижелері мен тарихи құрылымға барынша аз араласуды көздейтін қағидатқа сәйкес қабылданады.

    Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – Қазақстаннан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген алғашқы ескерткіш.

    Ғылыми-реставрациялық жұмыстар мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкес және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауымен жүргізіліп келеді.

    Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезінен жарықтар табылды: реставрация туралы не белгілі (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram