Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

    Автотұрақ
    Автотұрақ. Фото: t.me/almaty_akimat

    Алматыда автотұрақ кеңістігін ұйымдастыру қағидаларын жаңарту көзделіп отыр. Тиісті жобаны мәслихат отырысында Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев таныстырды, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Құжатқа сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары тұрғылықты жерінен 500 метр радиуста орналасқан бір коммуналдық автотұрақта бір автокөлікті тегін қоя алады.

    "Бұл ретте нақты автотұрақ орны бекітілмейді. Мұндай тәсіл автотұрақты барлық пайдаланушы үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар құжатта автотұрақтарды жабдықтау, олардың жұмыс тәртібі мен төлем жасау тәсілдеріне қойылатын бірыңғай талаптар белгіленген. Қағидалардың сақталуы мобильді және стационарлық фото және бейнетіркеу кешендері арқылы бақыланады.

    Жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қолданыстағы жеңілдік мерзімдері де сақталады. Жолаушыларды отырғызу немесе түсіру үшін тротуар бойындағы автотұрақтарда алғашқы 5 минут, ал алаңдық автотұрақтардан шығуға 10 минут тегін уақыт беріледі.

    Бұған қоса, бұрынғыдай соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, электр көліктерінің иелері және жедел қызметтердің көлік құралдары автотұрақ ақысын төлеуден толық босатылады.

    Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram