Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Шағым түскен": ауыр қылмыс жасаған науқастар жатқан жабық психиатриялық ауруханаға министрлік тексеру жүргізбек

    Аурухана
    Көрнекі фото: Pixabay.com

    Денсаулық сақтау министрлігі республикалық психиатриялық ауруханаға тексеріс жүргізбек. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Бұл тексеріс желіде ауруханада жатқан науқастарға жағдай жасалмағаны туралы шағымдар жарияланғаннан соң қолға алынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство ресми хабарламасында соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханада пациенттерге жасалған ұсталуы жағдайларға қатысты шағымдар жарияланып жатқанын жазған.

    Соған байланысты денсаулық сақтау министрлігі мұндай әрбір өтінішті, онда келтірілген фактілерді жан-жақты әрі объективті зерделеуге негіз ретінде қарастыратын атап өткен.

    Осылайша министрдің тапсырмасы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аталған мекеменің қызметіне кешенді тексеру жүргізбек.

    "Мамандар медициналық құжаттаманы, емдеу процесінің ұйымдастырылуын, пациенттерге жасалған жағдайларды, лауазымды тұлғалардың іс-әрекетін, сондай-ақ ем қабылдап жатқан азаматтардың құқығының сақталуын зерделейді", - делінген хабарламада.

    Сонымен бірге тексерісті уәкілетті мемлекеттік органдар, оның ішінде прокуратура органдары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүргізетіне де хабарланды.

    Министрлік хабарлауынша, тексеру қорытындысы бойынша барлық келтірілген фактілерге объективті баға беріліп, егер заң бұзушылықтар анықталса, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар ел заңнамасына сай жауапкершілікке тартылады.

    "Бұл – еліміздегі осы бейіндегі жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме екенін айта кеткен жөн. Мұнда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттер ем қабылдайды.

    Бұл қарапайым стационар емес. Мекеме бір мезгілде екі маңызды міндетті орындайды: ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдарға мамандандырылған психиатриялық көмек көрсетеді және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Мекемедегі пациенттердің 80%-дан астамы жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған.

    Аталған мекемеде ерекше емдеу-қорғау режимі қолданылады. Бұл – пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, емдеу, оңалту және психикалық денсаулықты қалпына келтіру үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған медициналық, ұйымдастырушылық және профилактикалық іс-шаралар кешені", - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

    "Шағым түскен": ауыр қылмыс жасаған науқастар жатқан жабық психиатриялық ауруханаға министрлік тексеру жүргізбек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram