Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Веложолақ салынады": Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгереді

    Алматы көшесі
    Алматы көшесі. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы әкімдігі мегаполис тұрғындарына Наурызбай батыр көшесіндегі жаңа қозғалыс сызбасы туралы ескертті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.

    1 тамыздан бастап Наурызбай батыр көшесінің Райымбек даңғылынан Абай даңғылы аралығында көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізіледі. Жоба аясында көшеде оқшауланған велосипед жолағы салынады.

    "Жүргізілетін жұмыстар аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ алып тасталады. Автобус бағыттары Желтоқсан көшесіне ауыстырылып, Наурызбай батыр көшесінде веложолақ ұйымдастырылады.

    Жаңа шешім велосипедшілердің қауіпсіздігін арттыруға, қаладағы велосипед желісін дамытуға және көлік легін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

    Осыған байланысты әкімдік жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушылардан өзгерісті алдын ала ескеріп, бағытын жаңа қозғалыс сызбасына сай жоспарлауды, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларының талабын сақтауды сұрайды.

    "Веложолақ салынады": Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram