Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Өрт қаупі жоғары": Қазақстанда 28 шілдеде ауа райы қандай болады

    Аптап ыстық
    Аптап ыстық. Көрнекі сурет: ЖИ арқылы жасалған

    Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылдың 28 шілдесіне ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

    Астанада 28 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

    Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, ал күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңборталығындаыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 28 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

    Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында 17-22 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Ұлытау облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 28 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

    Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-18 м/с. 28-29 шілдеде күндіз 35-39 градус ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, ал батысында, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 28 шілдеде күндіз 37-39 градус ыстық болады деп күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады.

    Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстіктен соққан желдің күндізгі екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында 15-18 м/с құрайды. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 28 шілдеде күндіз 38-39 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

    Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 28 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

    28-30 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі күші облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с қамтиды. 28-29 шілдеде күндіз облыс бойынша 40-42 градус, ал 30 шілдеде күндіз 40-44 градус қатты ыстық болып, 28-30 шілдеде облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 28-30 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

    Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 28 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз 35 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі күтіледі.

    Күндіз Қостанай облысында 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 28 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

    Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с қамтиды. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 28 шілдеде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

    Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз де жаңбыр жауып, найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Таңертеңгі және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 28 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні – 15-18 м/с.

    Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 28 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

    Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 28 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-18 м/с.

    Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 28 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал өңірдің шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Шымкентте 28 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түркістанда 28 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады деп болжанады.

    "Өрт қаупі жоғары": Қазақстанда 28 шілдеде ауа райы қандай болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram