ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті

    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті
    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті. Фото: Риддер қаласының әкімдігі

    Бүгін Поперечное ауылында мерейтойлық оныншы "Убинские распевы" фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға өнерпаздар, шығармашылық ұжымдар мен көптеген қонақ жиналып, фестиваль халықтық мәдениет пен ұлттық өнердің жарқын мерекесіне айналды, деп хабарлайды Риддер қаласының әкімдігі.

    Фестиваль алаңында күні бойы ерекше жылы әрі көтеріңкі көңіл күй салтанат құрды. Қатысушылар көрермендерге мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынып, халық шығармашылығының бай мұрасын, ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін және туған жерге деген сүйіспеншілігін паш етті. Қонақтар әсерлі өнер көрсетілімдерін тамашалап, мәдени ортада еркін пікір алмасып, мерекелік көңіл күйге бөленді.

    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті
    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті. Фото: Риддер қаласының әкімдігі

    "Өзінің он жылдық тарихында "Убинские распевы" фестивалі тұрғындар мен қонақтар асыға күтетін игі дәстүрге айналды. Фестиваль халықтық өнерді сақтауға және дәріптеуге, мәдени байланысты нығайтуға, түрлі буын өкілдерін бір арнаға тоғыстыруға зор үлес қосып келеді.

    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті
    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті. Фото: Риддер қаласының әкімдігі

    Мерейтойлық фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендердің жүрегінде жарқын әсер қалдырды. Осындай тамаша мәдени шараның өтуіне үлес қосқан ұйымдастырушыларға, өнерпаздарға, еріктілерге және барлық жанашыр азаматқа шынайы алғысымызды білдіреміз. "Убинские распевы" фестивалі алдағы уақытта да өзінің игі дәстүрін жалғастырып, жаңа буынға шабыт сыйлап, көрермендерін талай жыл қуанта берсін!", - дейді Риддер қаласы әкімдігінің өкілдері.

    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті
    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті. Фото: Риддер қаласының әкімдігі

    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті
    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті. Фото: Риддер қаласының әкімдігі

    ШҚО-да "Убинские распевы" фестивалі өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram