Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді
Жарияланған күні:

2026 жылғы 25 шілдеден бастап Алматыда №61, №218 және №238 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Almaty Joly-на сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, мұндай шешімді қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде көлік қозғалысының ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтың іске қосылуына байланысты қабылдаған.
Өзгеріс қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ жаңартылған көше-жол желісін тиімді пайдалануға бағытталған.
25 шілдеден бастап маршруттар мына сызба бойынша қатынайды:
№218 маршрут
- Оңтүстік бағытта: Мөңке би көшесі – Саин көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесінен кейін кері бұрылу – Абай даңғылы – "Б. Момышұлы метро бекеті" соңғы аялдамасы.
- Кері бағытта: "Б. Момышұлы метро бекеті" – Абай даңғылы – Саин көшесі – Мөңке би көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.
№238 маршрут
- Оңтүстік бағытта: Саин көшесі – Төле би көшесі – "Автостанция" соңғы аялдамасы.
- Кері бағытта: "Автостанция" – Төле би көшесі – Саин көшесінен кейін кері бұрылу – Төле би көшесі – Саин көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.
- №61 маршрут
- Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – "Арман" автостанциясы соңғы аялдамасы.
- Кері бағытта: "Арман" автостанциясы – Жароков көшесінің жолайырығы – әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі – Абай даңғылы – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.
"Жолаушылардан сапарын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерісті ескеруді сұраймыз. Жаңартылған қозғалыс сызбалары туралы ақпарат аялдама пункттерінде, сондай-ақ қаланың ақпараттық қосымшаларында жарияланады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2403935-almatyda-ush-avtobus-bagytynyng-qozgalys-syzbasy-ozgeredi/
