Қызылорда облысында "Таза Қазақстан – таза болашақ" тақырыбында ауқымды акция өтті

    Қызылорда облысында "Таза Қазақстан – таза болашақ" тақырыбында ауқымды акция өтті
    Қызылорда облысында "Таза Қазақстан – таза болашақ" тақырыбында ауқымды акция өтті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Шиелі ауданындағы "Ы. Жақаев" саябағында жастардың қатысуымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Акция барысында саябақ аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, айнала ретке келтірілді. Жастар қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін іс жүзінде көрсетіп, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.

    Қызылорда облысында "Таза Қазақстан – таза болашақ" тақырыбында ауқымды акция өтті
    Қызылорда облысында "Таза Қазақстан – таза болашақ" тақырыбында ауқымды акция өтті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Тазалық жұмыстары басталар алдында Шиелі ауданының "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Ержан Әбдешов сөз сөйлеп, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол жастарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға және "Таза Қазақстан" бастамасына белсенді ат салысуға шақырды.

    Қызылорда облысында "Таза Қазақстан – таза болашақ" тақырыбында ауқымды акция өтті
    Қызылорда облысында "Таза Қазақстан – таза болашақ" тақырыбында ауқымды акция өтті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    ​Акция соңында қатысушылар тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салты болуға тиіс екенін атап өтіп, ауданның тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

    ​Таза табиғат – ұлттың ортақ байлығы. Тазалық әрқайсымыздан басталады!

    Қызылорда облысында "Таза Қазақстан – таза болашақ" тақырыбында ауқымды акция өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram