Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыдағы Құлжа тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылады

    Конус
    Жол жөндеу. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа тас жолындағы қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Almaty Joly-ға сілтеме жасап.

    Almaty Joly Telegram-арнасының мәліметінше, Алматыда Құлжа тас жолының бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі.

    "24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде 08:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жол жабынын орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

    Көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

    Жөнделетін учаскеде мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар ескерту белгілері мен тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлаған жөн", - делінген AlmatyJoly хабарламасында.

    Жол сызбасы
    Жол сызбасы. Фото: Telegram /AlmatyJoly

    Алматыдағы Құлжа тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram