Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жүздеген қазақстандық мұғалімнің жеке дерегі желіде тарап кеткен

    деректер
    Деректер. Иллюстрациялық фото: CentralITAlliance/Getty Images

    ШҚО Ұлан ауданында прокурорлар 600-ден астам педагогтың дербес деректерінің тарап кетуіне жол бермеді, деп хабарлайды облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, ШҚО Ұлан ауданының прокуратурасы дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті білім беру ұйымдарының қызметінде заңбұзушылықтар барын анықтаған.

    "Ауданның мектептері мен балабақшалары міндетті медициналық тексеруден өткізу бойынша қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу порталында жариялау кезінде құжаттамаға өз қызметкерлерінің егжей-тегжейлі тізімдерін қоса тіркегені белгілі болды.

    Шектеусіз тұлғалар шеңбері үшін ашық қолжетімділікте қызметкерлердің толық анкеталық деректері (ТӘА мен ЖСН), атқаратын лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және жеке байланыс телефон нөмірі пайда болған. Бұл құпия ақпараттың таралуына тікелей қауіп төндірді.

    Аудан прокуратурасы енгізген қадағалау актісінің нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар толығымен жойылды, 611 қызметкердің заңсыз жарияланған мәліметі ашық дереккөздерден өшірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

    Жүздеген қазақстандық мұғалімнің жеке дерегі желіде тарап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram