Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

    Құрғақшылық
    Құрғақшылық. Иллюстрациялық фото: Anadolu/Getty Images

    "Қазгидромет" РМК тамыз айында Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алдын ала болжам бойынша тамызда мына өңірлерде атмосфералық құрғақшылық күтіледі:

    • Батыс Қазақстан облысының Бөкей Орда және Жәнібек аудандарында;
    • Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;
    • Атырау облысы Құрманғазы ауданында;
    • Жетісу облысының Алакөл және Ақсу аудандарында;
    • Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандарында;
    • Түркістан облысының Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас, Бәйдібек аудандарында;
    • Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

    Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында және Қостанай облысының Ұзынкөл және Қамысты аудандарында бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады.

    Қазақстанның қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады.

    Тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram