Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Көліктер жүзіп жүр: Астанада нөсер жауып, тұрғындарды әбігерге салды (видео)

    Суға батқан көліктің үстінде тұрған жігіттер
    Суға батқан көліктің үстінде тұрған жігіттер. Видеодан кадр: t.me/astanovka98

    Астанада нөсер жауып, жолдарды су басты, көліктер жүзіп жүр. Бұл сәттің видеосын тұрғындар әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде тараған видеолардан кейбір жаяу жүргіншілердің су басқан тротуарлармен жүре алмай, ғимараттардың қоршауын жағалап өтіп жатқанын байқауға болады.

    Дегенмен, кейбір қала тұрғындары аптап ыстықтан кейін жауған жаңбырға қуанса, кейбір елордалықтар нөсер кезінде жауған бұршақты видеоға түсіріп үлгерген.

    Ал кейбір кадрлардан су басқан жолдарда тек жеңіл көліктер емес, қоғамдық көліктердің де қозғалысы қиындағанын көруге болады. Автобустарға су басқан жолдармен жүруге тура келуде.

    Telegram-дағы Astanovka98 арнасында елордалық жүргізушілердің қолайсыз ауа райында қала ішінде жүруге тырысқан сәті түсірілген видеолар жарияланды. Сонымен қатар камера объективіне найзағай түсіп қалған.

    Айта кетейік, бүгін синоптиктер Астанада өткінші жаңбыр жауады деп болжаған еді. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді деп күтілген. Желдің жылдамдығы – 5,3 м/с.

    "Қазгидрометтің" мәліметінше, 24 шілдеде Астанада күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріледі.

    Көліктер жүзіп жүр: Астанада нөсер жауып, тұрғындарды әбігерге салды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram