Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ірімшіктен дәм татқан СҚО тұрғыны клиникалық өлім жағдайына түсті

    жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    СҚО тұрғыны ірімшік жегеннен кейін өлім аузынан қалды. Ер адам тамаққа шашалып, клиникалық өлім жағдайына түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Белгілі болғандай, 2026 жылғы 11 шілде кешкі уақытта Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы 103 диспетчерлік қызметіне 50 жастағы ер адам тұншығып қалуына байланысты шақырту келіп түскен.

    Оқиға орнына жедел түрде фельдшерлік ЖМЖ бригадасы келіп жеткен. ЖМЖ бригадасы келген кезде науқас клиникалық өлім жағдайында болыпты.

    "ЭКГ мониторында пульссіз электрлік белсенділік тіркелді. ACLS халықаралық стандартына сәйкес жүрек-өкпе реанимациясы дереу басталды: жүрекке жанама массаж жасалып, өкпеге жасанды желдету 30/2 қатынасында жүргізілді, көктамыр ішіне 1 мг Адреналин енгізілді. Тікелей ларингоскопия кезінде тыныс жолынан бөгде зат – чечил ірімшігі анықталып, алынып тасталды. Одан кейін кеңірдек интубациясы орындалды. СТОП-талдау барысында ұйқы артерияларында пульс пайда болды, алайда өздігінен тыныс алуы болмады, есі қалпына келмеді. Реанимациядан кейінгі шаралар жүргізілді:

    • тыныс жолдарының өткізгіштігі интубациялық түтік арқылы қамтамасыз етілді;
    • өкпені Амбу қапшығы арқылы жасанды желдету жалғастырылды;
    • гемодинамика тұрақсыз болғандықтан, перфузор арқылы көктамыр ішіне допамин инфузиясы басталды.
    • тасымалдау барысында науқастың өздігінен тыныс алуы қалпына келіп, экстубация жасалды. Вазопрессорлық препараттардың әсерінен гемодинамикасы тұрақтанды.
    • науқастың жағдайы жеңіл есеңгіреу күйінде бағаланып, науқас Қызылжар аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - делінген орталық хабарламасында.

    Ірімшіктен дәм татқан СҚО тұрғыны клиникалық өлім жағдайына түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram