Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "6 жыл қадағалауда болады": ҚАЖК Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын босатылуына қатысты пікір білдірді

    Бақытжан Байжанов
    Бақытжан Байжанов. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

    Қазақстан ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Бақытжан Байжановтың бостандыққа шыққаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Адвокат Ғазиз Ынтықбаев Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтың бүгін бостандыққа шығып, отбасына оралатынын хабарлады.

    NUR.KZ тілшісі Байжановтың бостандыққа шығуы жөнінде толығырақ ақпарат сұрап, ҚАЖК-ға сауал жолдады. Комитет Байжановтың "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қолдану бойынша сот қаулысы негізінде босатылғанын растады.

    "Сот мәселені қараған уақытта оның өтелмеген жаза мерзімі 3 ай 18 күн болған. Сонымен қатар сот қаулысына сәйкес, Б. Байжановқа қатысты пробациялық бақылау және 6 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау бекітілді", - делінген сауалға берілген жауапта.

    Еске сала кетейік, Салтанат Нүкенованы өлтіргені және азаптағаны үшін Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ сот Байжановты "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша кінәлі деп таныды.

    Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. 2024 жылғы 26 маусымда Астана соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

    Алайда 2025 жылдың жазында Байжанов сотқа рақымшылық жасау туралы өтініш білдірген. Кейін сотталушыға рақымшылық жасалып, жазасын өтеу мерзімі қысқартылғаны белгілі болды.

    "6 жыл қадағалауда болады": ҚАЖК Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын босатылуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram