Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тағы да +44 градус: алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлеріне қатты ыстық оралады

    ыстық күн
    Термометр. Көрнекі фото: Grichka BEYSSON-LEANDRI / Hans Lucas / AFP via Getty Images

    Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, алайда елдің батыс өңірлерінде қайтадан +44 градусқа дейінгі қатты ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Синоптиктер 23-25 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағы арқылы жылжып, найзағаймен қоса жаңбыр әкеледі, ал жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауып, елдің басым бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін.

    Суық ауа массалары арқылы циклон жаңбырмен бірге ауа температурасының төмендеуін де ала келеді. Алайда Қазақстанның батыс өңірлеріне Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды.

    "Қазгидромет" мәліметінше, бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының көтерілуіне әкеледі. Мәселен күндізгі уақытта +34...+39 градусқа дейін, ал жекелеген аудандарда +40...+44 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжам бар.

    Тағы да +44 градус: алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлеріне қатты ыстық оралады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram