Сұлтан Сәрсемәлиев басқа сотталғандардан оқшауланғаны рас па: ҚАЖД жауап берді
Жарияланған күні:

БАҚ-та Жангелдин ауылындағы бүтін бір отбасы мүшелерін өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиев Атырау тергеу изоляторының жалпы камерасынан бір кісілік камерасына ауыстырылды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа қатысты Атырау облыстық ҚАЖД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ақ Жайық" дерегінше, басылымға Сұлтан Сәрсемалиев Атырау тергеу изоляторының жалпы камерасынан бір кісілік камерасына ауыстырылғанын бірнеше сенімді дереккөз хабарлаған.
"Редакция дереккөздерінің айтуынша, бұл шешім қауіпсіздік шараларымен байланысты болуы мүмкін. Дереккөздер мекеме әкімшілігі сотталған азаматтың жағдайына байланысты қауіптеніп, оған деген бақылауды күшейтуді жөн көрді деп отыр. Алайда бұл мәліметті де ресми түрде растау немесе теріске шығару әлі мүмкін болмай тұр.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жекелеген жағдайларда қамауда отырғандарды немесе сотталғандарды күшейтілген бақылау үшін бөлек орналастыруы мүмкін. Бұл шара олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және өздігінен қосымша жаза болып табылмайды", - деп жазған басылым тілшісі.
Атырау облыстық ҚАЖД KAZ.NUR.KZ тілшісіне аталған ақпаратты растаған жоқ. Десе де жоққа да шығармады.
Ведомство баспасөз қызметі аталған сотталушы сот тағайындаған жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жатқанын хабарлады.
"ҚР "Жеке деректер және оларды қорғау" туралы заңының 15 бабына және ҚР "Қылмыстық атқару" кодексінің 93 бабына сай сотталушылардың жеке ісіндегі ақпаратты жариялауға болмайды", - делінген облыстық ҚАЖД хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2402699-sultan-sarsemaliev-basqa-sottalgandardan-oqshaulangany-ras-pa-qazhd-zhauap-berdi/
