Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы – Чунцин: қазақстандық лоукостер Қытайдың ең үлкен қаласына ұша бастайды

    FlyArystan. Көрнекі фото
    FlyArystan. Көрнекі фото: t.me/flyarystan_inform

    FlyArystan Алматы – Чунцин бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлайды әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Лоукостердің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа бағыт әуекомпанияның Қытайдағы бесінші бағыты болады және FlyArystan-ның Үрімші, Құлжа (Инин) және Сиань қалаларына орындалып жатқан тұрақты рейстерін толықтырады.

    "Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2026 жылғы 23 қыркүйекке жоспарланған.

    Рейстер аптасына екі рет орындалады: Алматыдан ұшулар – сәрсенбі және сенбі күндері, ал Чунциннен кері рейстер – бейсенбі және жексенбі күндеріне жоспарланған", - делінген хабарламада.

    Алматы - Чунцин арасындағы ұшу ұзақтығы шамамен 5 сағат.

    "Чунцин – Қытайдың ең ірі мегаполистерінің бірі әрі елдегі ең танымал туристік орталықтардың қатарында. Қала өзінің ерекше көпдеңгейлі сәулетімен және қайталанбас келбетімен танымал.

    Оның ең әйгілі көрікті орындарының бірі – тұрғын үй ғимаратының ішінен өтетін метро желісі. Бұл нысан қазіргі Чунциннің басты символдарының біріне айналған.

    Сонымен қатар қала Қытайдың оңтүстік-батыс өңіріндегі танымал орындарға саяхат жасау үшін қолайлы нүкте саналады. Олардың қатарында кварцит жартастарымен әйгілі әрі "Аватар" фильміндегі қиял-ғажайып әлемнің табиғатына ұқсастығымен кеңінен танылған Чжанцзяцзе ұлттық паркі бар", - делінген хабарламада.

    Алматы – Чунцин: қазақстандық лоукостер Қытайдың ең үлкен қаласына ұша бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram