Ақтөбеде "Таза Қазақстан" жалпы ұлттық акциясы аясында жаңа сквер ашылды

    Ақтөбеде "Таза Қазақстан" жалпы ұлттық акциясы аясында жаңа сквер ашылды
    Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    Ақтөбеде қала әкімінің қаланы абаттандыруға үлес қосу туралы үндеуін қабыл алған кәсіпкерлердің демеушілігімен саябақтар мен скверлерді, бос жатқан аумақтарды абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімдігі.

    Сондай нысанның бірі - қаланың тарихи бөлігі Тұрғындар қалашығы ауданындағы бос жатқан участок. Күз-көктемге балшықтан адам аяғы жүргісіз болып, қараусыз жатқан бұл жерді абаттандырып, тұрғындар үшін демалатын қоғамдық кеңістікке айналдырумен қаланың жанашыр тұрғыны, кәсіпкер Зұлқожа Қожаев айналысты. Қала әкімі ашылуына қатысып, кәсіпкерге тұрғындар атынан алғысын жеткізді.

    Ақтөбеде "Таза Қазақстан" жалпы ұлттық акциясы аясында жаңа сквер ашылды
    Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    Бұл саябақ "Таза Қазақстан" акциясы аясында ашылды.

    Ақтөбеде "Таза Қазақстан" жалпы ұлттық акциясы аясында жаңа сквер ашылды
    Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    "Сіз өткен жылы отбасыңыздың атынан М.Мәметова көшесінің бойынан бос участокқа жаңа сквер салып бердіңіз. Тұрғындар бұл игі ісіңізге өте риза. Міне, биыл да қаламызды абаттандыруға үлес қосып жатырсыз. Жилгородок тұрғындары жаңа сквердің ашылуын жақсы қабылдайды, күтіп ұстайды деп сенемін", - деді Азамат Бекет.

    Ақтөбеде "Таза Қазақстан" жалпы ұлттық акциясы аясында жаңа сквер ашылды
    Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    1,5 гектар аумақта парк жиһаздары орнатылды, жарықтандырып, тротуар төселді.

    Ақтөбеде "Таза Қазақстан" жалпы ұлттық акциясы аясында жаңа сквер ашылды
    Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    "Жер үстімен өтіп жатқан жылу трассасының құбырларын жердің астына орналастырдық. Одан бөлек, 78 дана парк шамдарын орнаттық, 1800 шаршы метрге брусчатка төседік.

    Көгалдандырдық, суару жүйесін жүргіздік. Биыл Азамат Бауыржанұлына өзіміз осы жерді абаттандырып берейік деп ұсыныс жасадық. Бұл ақтөбеліктерге менің отбасымның атынан жасап жатқан тағы бір сыйлығым, тұрғындардан тек ұқыпты болуды, жасап бергенді сындырмауды сұраймын", - деді Зұлқожа Қожаев.

    Ақтөбеде "Таза Қазақстан" жалпы ұлттық акциясы аясында жаңа сквер ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram