Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    1 млрд теңге қажет: Шымкент тұрғыны 9 айлық сәбиін аман алып қалу үшін елден көмек сұрайды

    Тоғыз айлық Айсұлтан Әлімбай
    Тоғыз айлық Айсұлтан Әлімбай. Фото: "Астана" телеарнасы

    Шымкенттік 9 айлық Айсұлтан Әлімбайдың ата-анасы көмек сұрайды. Дүние есігін аша сала нәрестеге 1-типті жұлын-бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Бала дертінен құлан таза айығуы үшін 1 млрд теңге көлемінде қаражат керек, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Бұл дертті басқаша Вердниг-Гоуффман ауруы деп те атайды. Аталған ауру бала 6 айға толмай жатып пайда болып, өміріне үлкен қауіп төндіреді. Ал сәбиді құлан-таза айықтыру үшін 1 млрд теңге қажет.

    Шымкенттік Асхат Атамқұловтың айтуынша, ол жақында ғана шаңырақ көтерген. Сәби сүйіп, жаңа өмірге аяқ басқан жас ата-анаға қаңтар айындағы дәрігерлер қорқынышты жайтты естірткен. Сол уақыттан бері жас әкенің бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Елде бар қайырымдылық қорларының табалдырығын тоздырыпты. Елордада орналасқан қор мен блогерлердің арқасында қазір 22 млн теңге жиналды. Қыруар қаржы болғанымен, емге керек 1 млрд теңгемен салыстырғанда, теңізге тамған тамшыдай.

    "Қазіргі таңда "Золгенсма" деген препарат гендік терапия жасайды. Ол баланың өмірінде тек бір рет қана салынып, ауруды тоқтатады. Ол дәрінің құны – 1 млрд теңге. Оны Дубайда салады. Біздің отбасымыз үшін бұл – өте ауыр сома. Ақпан айының 18-і сбор аштық. Одан бөлек, Instagram және тағы басқа әлеуметтік желілерде парақша аштық. Сондықтан, біз Қазақстан халқынан көмек сұраймыз", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Асхат Атамқұлов.

    Аталған препарат қымбат әрі оны бала екі жасқа толмай тұрып салу керек. Ал Айсұлтанның ата-анасының тапқан-таянғаны, жақындарының көмегі уақытша терапиядан артылмайды. Оның үстіне, кез келген сәтте ауруханаға бару керек болғандықтан, әкесі Асхат та, жұбайы да жұмысынан шығуға мәжбүр болды.

    "Оның барлығы оңай емес. Аппараттың барлығын бастапқыда сатып алдық. Оған қаражат жиналған жоқ. Баламыз үшін үлкен сома кетіп жатыр. Бізге кез келген уақытта жағдайы нашарлап кетуі мүмкін деп айтты. Екі рет жансақтау бөліміне түсіп шықтық. Баланың жағдайын қалыпты деңгейде ұстап тұруы үшін қолдан келген бар жағдайды жасап отырмыз. Бір жансақтау бөліміне түссе, жағдайы қиын", - дейді баланың анасы Аида Амангелді.

    1 млрд теңге қажет: Шымкент тұрғыны 9 айлық сәбиін аман алып қалу үшін елден көмек сұрайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram