Аймақ басшысы төрт жасар баланы құтқарған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті

    Аймақ басшысы төрт жасар баланы құтқарған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті
    Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Облыс әкімі Нариман Төреғалиев көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздаған төрт жасар баланы құтқарып қалған полиция қызметкерлерімен кездесіп, құрмет көрсетті.

    Оқиға 10 шілдеде сағат 14:00 шамасында болған. 102 нөміріне Зачаган кенті Мөңкеұлы көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтер терезесіне кішкентай баланың шығып кеткені туралы шұғыл хабарлама түсті. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкері Рысбек Агзамов, Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкері Рафаэль Ишакаев, Орал қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының полиция жүргізушісі Батырбек Сейітов жедел әрекет етіп, балдырғанды ажалдан арашалап қалды.

    Аймақ басшысы төрт жасар баланы құтқарған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті
    Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Аймақ басшысы қайғылы оқиғаның алдын алған тәртіп сақшыларына зор ризашылығын білдірді.

    Нариман Төреғалиев
    Нариман Төреғалиев. Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

    "Сіздер антқа адалдық пен кәсібиліктің үлгісін көрсеттіңіздер. Жедел әрекеттеріңіз арқылы балдырғанға өмір сыйладыңыздар. Адам өміріне жететін ештеңе жоқ. Мұндай ерлік ешқашан ұмытылмайды. Әрине, бала қауіпсіздігі үшін бірінші кезекте ата-ана жауапты. Қоғамда түсіндіру шараларын кеңінен жүргізуіміз қажет. Ал сіздер алдағы уақытта да "Заң мен тәртіп" қағидатын мүлтіксіз орындап, ел игілігіне аянбай үлес қоса беретіндеріңізге сенемін", - деді Нариман Төреғалиев.

    Аймақ басшысы төрт жасар баланы құтқарған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті
    Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Облыс әкімі полиция қызметкерлеріне алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

    Аймақ басшысы төрт жасар баланы құтқарған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті
    Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Аймақ басшысы төрт жасар баланы құтқарған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram