Рекорд: Астанада кейінгі 34 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанда аптап ыстық басылмай тұр. Кеше, 14 шілдеде Астанада кейінгі 34 жылда болмаған ыстық тіркелді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазгидромет" РМК бақылау желісінің деректері бойынша, 2026 жылғы 14 шілдеде Астанада жаңа температуралық рекорд тіркелген.
"Ең жоғары температура +38,6°C-қа жетіп, бұрынғы рекордтан 3,3°C-қа асты. Бұған дейін 14 шілдедегі ең жоғары температура +35,3°C болған және 1992 жылы тіркелген еді", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, бұған дейін Астанада 2026 жылғы 23 маусым кейінгі 85 жылдағы ең ыстық күн болғанын жазған едік.
Ол кезде максималды ауа температурасы +36,8 градусқа жеткен болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2399948-rekord-astanada-keiingi-34-zhylda-bolmagan-aptap-ystyq-tirkeldi/