Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атыраудағы бір отбасының өлімі: сот Сұлтан Сәрсемалиевтің бес баласының тағдырын шешті

    Сот
    Сот. Иллюстрациялық фото: Witthaya Prasongsin/Getty Images

    Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша үкімді жариялау кезінде төрағалық етуші судья Зарема Хамидуллина соттың айыпталушының кәмелетке толмаған бес баласына қатысты бөлек шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазады "Ақ Жайық".

    "Сот балалардың әрі қарайғы қамқорлығы мен орналастыру мәселесін Атырау облысының Білім басқармасына жүктеді. Сонымен қатар Қызылқоға ауданы әкімдігіне Жангелдин ауылында қаза тапқандардан қалған үйге мұрагерлік құқықты рәсімдеуді тапсырды. Бұл балалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қажет, – деді судья Зарема Хамидуллина.

    Еске салсақ, Сұлтан Сәрсемалиев бес баланың әкесі. Ең кенже бала 2025 жылы дүниеге келген.

    2026 жылғы 3 ақпанда аудандық кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия балаларды мемлекеттік қамқорлыққа беру туралы шешім қабылдаған. Бұған дейін оларды Сәрсемалиевтің анасы бағып келген. Алғашында үш үлкен бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, бір және үш жастағы екі бала мамандандырылған балалар үйіне жіберілген.

    Кейін үштен тоғыз жасқа дейінгі төрт бала Атырау қаласындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқаны белгілі болды. Ең кенжесі әлі мамандандырылған мекемеде тәрбиеленіп жатыр.

    Атыраудағы бір отбасының өлімі: сот Сұлтан Сәрсемалиевтің бес баласының тағдырын шешті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram