Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қауын-қарбызды қай кезден бастап жеген жөн: ауыл шаруашылығы вице-министрі жауап берді

    қарбыз
    Базардағы қарбыз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қазақстандықтарға қауын-қарбызды қазір тұтына бастаған қаншалықты жөн екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистер қауын-қарбыздың құрамында нитраттар болуы мүмкін екенін алға тартып, қазір сатып алып жеу қаншалықты қауіпсіз екенін сұрады.

    "Қауын-қарбызды шілденің соңынан қыркүйекке дейін тұтынған қауіпсіздеу болып саналады. Сол кезеңде олар ешқандай қоспасыз, тыңайтқышсыз, өсу стимуляторынсыз-ақ піседі. Сондықтан, әрине, әсіресе балаларға қазір бермеген дұрыс. Бұл менің сарапшы ретіндегі пікірім", - деді Азат Сұлтанов.

    Сонымен қатар, оның айтуынша, басқа елдерден келетін барлық жеміс-жидек және көкөністер әртүрлі зиянкестер мен аурулардың болмауын қамтамасыз ету үшін фитосанитариялық тексеруден өтеді.

    "Фитосанитариялық бақылау тұрғысынан біз мұны қауіпсіз деп санаймыз. Дегенмен, химиялық заттардың қалдық мөлшері азғаға қауіпті болуы мүмкін және біз бұл мәселе бойынша СЭС-пен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз", - деп түйіндеді сөзін спикер.

    Қауын-қарбызды қай кезден бастап жеген жөн: ауыл шаруашылығы вице-министрі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram