Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Кадрлық шешімдер қабылдауға тура келді": премьер-министр ҚТЖ жұмысын сынға алды

    жолаушылар пойызы
    Жолаушылар пойызы. Иллюстрациялық фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

    Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолындағы" жағдайдың әлі де күрделі екенін мәлімдеп, компанияны мәселені реттеуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" компаниясында өзгерістер қажет екенін мәлімдеді. Ол ҚТЖ жұмысында әлі де көптеген кемшілік бар екенін атап өтті.

    ""ҚТЖ"-ның жағдайы көңіл көншітпейді, көптеген кемшілік бар. Тіпті кадрлық шешімдер қабылдауға тура келді. Жағдайды түзету қажет", - деді премьер-министр.

    Сондай-ақ ол көлік саласында теміржол транзиттік тасымал көлемін жылына 55 млн тоннаға дейін арттыруға тиіс бірқатар жоба жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

    Осыған байланысты Бектенов Көлік министрлігіне "Қазақ темір жолы" компаниясымен бірлесіп, Дарбаза-Мақтаарал және Мойынты-Қызылжар теміржол желілерінің құрылысын, сондай-ақ теміржол станцияларын жаңғырту жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

    "Кадрлық шешімдер қабылдауға тура келді": премьер-министр ҚТЖ жұмысын сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram