Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі 25 тамызға дейін жабылды

    жол жөндеу жұмыстары
    Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: Lorenz Huter/Getty Images

    Қала әкімдігі алматылықтарға Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылғанын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіліп отыр.

    "14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толықтай жабылады.

    Бұл аумақты Сәбденов көшесі арқылы айналып өтуге болады", - делінген хабарламада.

    Ведомство өкілдері аталған учаскеде ескерту белгілері қойылатынын айтты.

    "Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі 25 тамызға дейін жабылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram