Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    432 500 теңгеге дейін: Қазақстанда ақылы жол абонементтерінің құны жарияланды

    Жол
    Жол. Иллюстрациялық фото: Christian Adams/Getty Images

    "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақылы жолдарға арналған айлық және жылдық абонементтерді кімдер рәсімдей алатынын, олардың құны қанша екенін және қалай рәсімдеуге болатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстанда ақылы жолмен жүретін көлік жүргізушілері айлық немесе жылдық абонемент рәсімдей алады. Мұндай қызметті "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ұсынады.

    "Ол үшін көлік құралы ақылы жолдар учаскесіне іргелес аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс", - делінген хабарламада.

    Құны

    Бір айлық абонемент жеңіл көліктер үшін қарастырылмаған. Автобустар мен жүк көліктеріне арналған абонемент құны жолдың санаты мен көлік түріне байланысты 1-ден 10 АЕК-ке дейін, яғни 4 325-тен 43 250 теңгеге дейін барады.

    Жеңіл көліктер үшін бір жылдық абонемент – 1 АЕК (4 325 теңге). Автобустар мен жүк көліктері үшін баға жол санаты мен көліктің сипаттамасына қарай 12-ден 100 АЕК-ке дейін барады. Ең жоғары баға 432 500 теңгеге дейін жетеді.

    Абонементті рәсімдеу жолдары:

    Абонементті бірнеше жолмен рәсімдеуге болады.

    1. 1403 байланыс орталығы арқылы

    • таңдаған абонементтің құнына сәйкес көлік құралының нөміріне қаражат салып, қызметті қосу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек.

    2. Кaztoll.kz сайты арқылы

    • Кaztoll.kz сайтына тіркелу;
    • Көлік құралыңыз туралы деректерді толтыру;
    • "Абонементті рәсімдеу" бөліміне өтіп, өзіңізге қажетті абонементтің түрін таңдау (айлық, жылдық).

    Тағы бір жолы ақы төлеу пункттері немесе клиенттермен жұмыс істеу орталықтарына жүгіну. Ол жерде абонементті өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлеуге (карта, ақшалай немесе интернет-банкинг арқылы) болады.

    432 500 теңгеге дейін: Қазақстанда ақылы жол абонементтерінің құны жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram