ҚАЖК Ерлан Қожағапановтың мерзімінен бұрын босатылуына қатысты түсініктеме берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың неліктен мерзімінен бұрын босатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне мәлім еткендей, бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов түзеу мекемесінде жазасын өтеген.
"Сот шешімімен жазаның өтелмеген екі айы жеңілірек жаза түріне, яғни айыппұлға ауыстырылды", - деп хабарлады комитеттен.
Естеріңізге сала кетейік, кеше бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны белгілі болды.
Бұрынғы шенеунік 2025 жылғы 19 мамырда Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Кейін Ерлан Қожағапановты қорғаушы тарап сот үкіміне шағым түсіргенімен, апелляциялық алқа оны қанағаттандырмай, үкімді өзгеріссіз қалдырған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2398911-qazhk-erlan-qozhagapanovtyng-merziminen-buryn-bosatyluyna-qatysty-tusinikteme-berdi/