Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ кері қайтарылды: Air Astana мәлімдеме жасады

    Air Astana ұшағы
    Air Astana ұшағы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Астанадан Дубайға ұшып кеткен рейсті кері қайтаруды және Алматыдан ұшатын рейсті тоқтатуды ұйғарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әуе компаниясы Қазақстаннан Дубайға қатынайтын рейстерге қатысты хабарландыру жасады.

    "Таяу Шығыстағы жағдайдың бүгін ұшығуына байланысты мынадай өзгерістер болды.

    • 12 шілдеде Астанадан 07.10-да ұшқан Астана-Дубай KC205 рейсі ұшып кету әуежайына қайтып оралады.
    • 12 шілдеде сағат 08: 50-де ұшуға жоспарланған Алматы-Дубай КС 897 рейсі тоқтатылды.

    Жолаушыларға сатып алу орны бойынша билеттердің құнын толық қайтару ұсынылады. Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады.

    Air Astana жағдайды мұқият бақылап, қалып қалған жолаушыларды шығару мәселелерін шешеді.

    Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшу және ұшып келу уақытында өзгерістер күтілуде", - делінген хабарламада.

    Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ кері қайтарылды: Air Astana мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram