Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақ жігіттері туралы не білеміз

    Ержан Сәденов және полиция қызметкерлері
    Ержан Сәденов және полиция қызметкерлері. Фото: polisia.kz

    АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде қызмет атқарып жүрген этникалық қазақтармен кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Басылымның хабарлауынша, кездесу барысында тараптар отандастардың кәсіби жолын, ұлттық болмысты сақтау мәселеcін және туған елімен байланысты нығайту жолдарын талқылады. Министр шетелде табысқа жеткен қазақтардың өз халқының абыройын асқақтатып, әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүргенін атап өтті.

    Кездесуге қатысушылардың бірі – Нью-Йорк полициясының қызметкері Мирас Бүкешев. Ол 2000 жылы Таразда дүниеге келіп, сол жерде өсіп, мектепті тәмамдаған. 2018 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, 2023 жылдан бері полицияда қызмет етеді.

    Сондай-ақ кездесуге Данияр Нұртаза да қатысты. Ол 2002 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп барған. 2014 жылы Нью-Йорк полициясының қатарына қабылданған. Данияр Нұртаза 2015 жылы Нью-Йорк метросының станцияларының бірінің маңында толғағы басталған аяғы ауыр әйелдің босануына көмектесіп, көпшілікке кеңінен танылды. Оның кәсіби әрі жедел әрекеті қоғамда жоғары бағаға ие болды. Тәртіп сақшысының өмірі мен қызметі туралы деректі фильм де түсірілді.

    Ержан Саденов отандастарына мамандықтарына адалдығы мен шетелде қазақ халқының беделін көтеріп жүргені үшін алғыс айтып, алдағы қызметтеріне табыс және отбасыларына амандық тіледі.

    Еске сала кетейік, Нью-Йоркке жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстанның ішкі істер министрі БҰҰ-ның V Полиция саммитіне қатысып, пленарлық отырыста сөз сөйледі. Сонымен қатар БҰҰ бас хатшысының орынбасары Жан-Пьер Лакруамен, АҚШ Федералдық тергеу бюросының, Нью-Йорк қалалық полиция департаментінің басшылығымен және бірқатар шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жетекшілерімен кездесулер өткізді.

    Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақ жігіттері туралы не білеміз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram