"Заң мен тәртіп" идеологиясы: ШҚО-да балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жарияланған күні:
"Заң мен тәртіп" идеологиясын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Дарын" балаларды сауықтыру лагерінде "Қауіпсіз демалыс" атты профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Кездесуге лагерь тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдардың өкілдері және балалар қауіпсіздігіне жауапты мамандар қатысты.
Шара барысында балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік, ашық терезелер маңында сақтық шараларын сақтау, отпен және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тұрмыста және көшеде өзін дұрыс ұстау қағидалары қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндірілді.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмі жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Осындай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау дағдысын нығайтуға, сондай-ақ қауіпсіз әрі саналы демалыс өткізуге ықпал етеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2398139-zang-men-tartip-ideologiiasy-shqo-da-balalarga-zhazgy-demalys-kezindegi-qauipsizdik-erezheleri-tusindirildi/