Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    42 градус ыстық сақталады: 10 шілдеде елімізде ауа райы қандай болады

    Субұрқақ
    Субұрқақ. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Синоптиктер ертең, 10 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты. Қызылорда өңірінде ауа райы температурасы 40 градустан асса, кей өңірлерде жауын жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК синоптиктері.

    Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде қатты ыстық 36 күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазғанда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

    Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі.

    Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, түнде облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде кей уқыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

    Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

    Павлодар облысының 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық.

    Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанайда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

    Күндіз Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаевта күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

    Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

    Астанада күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

    Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

    Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.

    10 шілдеде Ақмола облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

    42 градус ыстық сақталады: 10 шілдеде елімізде ауа райы қандай болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram