Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Аптап ыстық болады: бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Аптап ыстық
    Термометр. Иллюстрациялық фото: Marccophoto/Getty Images

    Қазақстанның басым бөлігінде күн райы қолайсыз болуы мүмкін. Бұл туралы синоптиктер хабарлады, деп жазады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Түнде және күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде 9 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

    Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 9 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қонаевта 9 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

    Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 9 шілдеде күндіз 40-41 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 9 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

    Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және күндіз облыстың батысында тұман болады деп болжанады. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Қостанайда 9 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

    Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 9 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 9 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі күтіледі.

    Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Петропавлда 9 шілдеде түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

    Таңертең және күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Ұлытау облысында 35-37 градус қатты ыстық болатыны болжанады. Жезқазғанда 9 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

    Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыста 38-42 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Ақтауда 9 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

    Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 9 шілдеде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі.

    Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 9 шілдеде жел солтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    9 шілдеде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 9 шілдеде жел солтүстіктен соғады, таңетең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда 9 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

    Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    9 шілдеде Ақмола облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

    Аптап ыстық болады: бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram