Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

    Астана халықаралық әуежайы
    Астана халықаралық әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астана халықаралық әуежайы ғимараттағы жөндеу жұмыстары аяқталғанын және Т2 терминалы алдындағы негізгі кіреберіс қайта ашылғанын хабарлады, деп жазады әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астана әуежайының Telegram-арнасында маңызды хабарлама жарияланды. Жазбада Т2 терминалы алдындағы негізгі кіреберіс қайта ашылғаны хабарланған.

    "Т2 терминалының жолаушыларды отырғызу және түсіру аймағына апаратын негізгі кіреберіс қайта ашылды.

    Енді автокөліктер жабық автотұрақ пен LRT станциясының арасындағы негізгі жол арқылы еркін қатынай алады", - делінген хабарламада.

    Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін қозғалыстың жаңартылған сызбасын ұсынылған.

    Т2 терминалының кіреберісі
    Т2 терминалының кіреберісі. Сызда: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

    Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram