45 градусқа дейін ыстық: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Жарияланған күні:
Қазақстанда алдағы үш күнде күн қатты ыстық болуы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. Синоптиктер кей өңірлерде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады және екпінді жел күшейеді. 9 шілдеде елдің шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Одан кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қысқамерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек еліміздің батысы мен оңтүстігінде күн қатты ыстық болмақ.
"Еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында +33…+42°С-қа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +32…+40°С-қа дейін, оңтүстігінде +38…+45°С-қа дейін, ал шығысында +30…+38°С-қа дейін көтеріледі", - дейді синоптиктер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2397340-45-gradusqa-deiin-ystyq-sinoptikter-aldagy-ush-kunge-arnalgan-aua-raiy-bolzhamyn-zhariialady/