Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтау жағалауында тағы да итбалық өлекселері табылды

    Итбалық өлексесі
    Итбалық өлексесі. Фото: instagram.com/mangystau_ecology_department

    Ақтау жағажайларынан тағы да итбалық өлекселері табылды. Мамандар олардың қырылу себебін анықтау үшін теңіз суынан сынама алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жағажайлардын өлі итбалықтарың табылғаны туралы Маңғыстау облысының экология департаменті мәлім етті.

    "3 шілде күні Ақтау қаласының жағажайларында итбалық өлекселері табылды. ​Қазіргі таңда олардың нақты санын анықтау және есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Мән-жайды анықтау үшін департамент қызметкерлері өлекселер табылған аймақтан теңіз суының сынамасын алған.

    Экгология департаментінің өкілдері ​сынама нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетінін айтты.

    Ақтау жағалауында тағы да итбалық өлекселері табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram