Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астана есімді 26 адам бар: елорда күніне орай 20 қызықты дерек жарияланды

    Астана қаласы
    Астана қаласы. Фото: Sheng Jiapeng/China News Service/VCG via Getty Images

    Ұлттық статистика бюросы Астана күніне орай Қазақстанның бас қаласы туралы 20 қызықты дерек ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    1. Халық саны – 1 674 699 адам (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

    2. Әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам.

    3. Қазақстан бойынша 26 адамның есімі – Астана.

    4. 2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келді.

    5. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 545 мың: оның ішінде 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).

    6. 2026 жылдың алғашқы 5 айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелді.

    7. 2025 жылғы қартаю индексі – 22,9 (100 балаға шаққандағы 65 жастан асқан қарттардың саны).

    8. Астана тұрғынының орташа жасы – 30,9 жас (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).

    9. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жас (2025 жылғы көрсеткіш).

    10. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

    11. Құрылыс саласындағы компаниялар саны – 18,5 мың (Қазақстан бойынша 1-орын).

    12. Елордада 576 мың пәтер бар (2025 жыл).

    13. Қоғамдық тамақтану нысандарының саны – 6 819 (Қазақстан бойынша Алматыдан кейінгі 2-орын). Оның ішінде: заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары – 2 241; жеке кәсіпкерлік субъектілері – 4 578.

    14. Қалада 31 театр жұмыс істейді.

    15. 5 музей бар.

    16. 35 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

    17. Елордада 24 саябақ орналасқан.

    18. Тұрақты интернет абоненттерінің саны – 443,4 мың (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

    19. 2026 жылдың І тоқсанында қонақүйлерге 67,9 мың шетелдік турист орналасқан.

    20. Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй бар.

    Астана есімді 26 адам бар: елорда күніне орай 20 қызықты дерек жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram