Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті

    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті
    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Ұлттық домбыра күніне орай Ұлытау облысында ұлттық өнерді ұлықтаған ауқымды мәдени іс-шаралар өтті. Өңірдегі ауқымды іс-шаралардың бірі Сәтбаев қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ұлытау облысының әкімдігі.

    Қала мектептерінен жиналған 2000 оқушы бір мезетте "Балбырауын" күйін орындап, ұлттық өнерге деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.

    Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дәріптеу, домбыраның қадір-қасиетін насихаттау және қазақтың күй өнерін кеңінен таныту.

    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті
    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

    Сондай-ақ облыс орталығында айтулы мерекеге орай ұлттық өнердің өрісін кеңейткен мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сахна төрінде күмбірлеген күйлер орындалып, шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті
    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

    Қаражал қаласының кітапхана қызметкерлерінің бастамашылығымен "Нағыз қазақ – домбыра" атты ақпараттық кітап көрмесі өтті. Танымдық кездесуге қатысқан "Балдаурен" жазғы лагерінің тәрбиеленушілері домбыраның шығу тарихы, қазақ халқының рухани өміріндегі орны және күй өнерінің көрнекті өкілдері туралы танымды мағлұмат алды.

    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті
    Ұлытау облысында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

    Ұлттық өнерді дәріптеген мерекелік бағдарламалар ішінде Жаңаарқа ауданында ұйымдастырылған іс-шаралар айрықша орын алды. Түгіскен ауылының И.Омаров атындағы мәдениет үйі жанындағы "Серпер" домбыра үйірмесінің құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік есеп беру концерті өтті. Кеш барысында жас күйшілер қазақтың қасиетті қара домбырасымен күй шертіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Аудандық мәдениет үйінде аудан өнерпаздары, домбырашылар мен мәдениет қызметкерлері қатыстуымен концерт өтті.

    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті
    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

    Сонымен қатар Ұлытау аудандық мәдениет үйінде "Ұлттық домбыра – ұлт мұрасы" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні ұлытаулықтар қасиетті қара домбыраның қоңыр үні арқылы ұлттық өнерге деген құрметін айшықтап, тағылымды концерттік бағдарламаны тамашалады. Күмбірлеген күйлер мен рухты әндер көрерменге ерекше әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.

    Ұлытау облысында Ұлттық домбыра күні аталып өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram