Ақтөбеде 1500 домбырашы бір мезгілде бірге күй тартты

    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті
    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

    Ақтөбеде Ұлттық домбыра күніне орай бүгін "Қазақ халқына мың алғыс" стелласы алаңында "Бабамнан қалған аманат – асыл домбыра" атты мәдени-көпшілік шара өтті.

    Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнердің алтын арқауы саналатын домбыраны ұлықтау, қазақтың дәстүрлі күй өнері мен халық әндерін кеңінен насихаттау арттыру.

    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті
    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

    Мерекелік концерттің шымылдығы ақын Қадыр Мырза Әлінің "Нағыз қазақ – Домбыра" өлеңімен ашылып, біріккен оркестрдің орындауындағы Түркештің "Көңілашар" күйімен жалғасты.Концерт барысында қазақтың ұлттық күй өнері мен дәстүрлі музыкасының үздік туындылары орындалды.

    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті
    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

    Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева өнер көрсетті. 1500 домбырашы ұлттық күй өнерінің жауһарлары – Құрманғазы Сағырбайұлының "Балбырауын" және "Адай", Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйлерін бір мезгілде бірге орындады.

    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті
    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

    Сонымен қатар Ақтөбеде "Домбыра және дәуір" көрмесі ашылып, белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды.

    Экспозицияда белгілі күйшілер Балтұрсын Сарыбаева, Айса Шәріпов, Бақыт Басығараев, Момын Байғанин, Қазақстан Республикасының халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, ақын Бәкір Тәжібаев, генерал-лейтенант Жансен Кереев, мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек және басқа да танымал тұлғаларға тиесілі домбыралар қойылған.

    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті
    Ақтөбеде "Бабамнан қалған аманат - асыл домбыра" шарасы өтті. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    Көрменің жеке бөлімі белгілі қазақстандық шеберлер Сүндет Нұрымов, Қарамұқан Басшин, Құтым Қасенов, Еркөсай Әбілов, Жетес Жамеков және жас шебер Мұратхан Танатарұлы жасаған ұлттық музыкалық аспаптарға арналды.

    Ақтөбеде 1500 домбырашы бір мезгілде бірге күй тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram