Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдан Ыстықкөлге тау арқылы төте жол салынуы мүмкін

    жол
    Жол. Көрнекі фото: Varuth Pongsapipatt/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

    "Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы" АҚ басқарма төрағасы Айдос Көбетов Алматы мен Ыстықкөл арасын жалғайтын қысқа жол салу жоспары туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

    "Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік" АҚ басқарма төрағасы Айдос Көбетов былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін қолдана отырып жүзеге асыруды көздейтін ірі стратегиялық жобалардың тізімі жасалғанын мәлімдеді.

    Олардың қатарында Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі төте жол құрылысы да бар.

    Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде, содан кейін құжат бекітуге және сараптамаға жіберіледі.

    "Бүгінгі таңда Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі жол шамамен – 400 км. Бұл өте ұзақ қашықтық. Орта есеппен сапар шамамен 6-7 сағатты алады. Ыстықкөл көрші елде орналасқанына қарамастан, Оңтүстік Қазақстан тұрғындары үшін де, басқа өңірлерге де қызық бағыт болып саналады.

    Сондықтан оған сұраныс өте жоғары. Осыған байланысты Қазақстан халқына, қоғамына орайластыра отырып, осы халықаралық жолды салу жоспары тұр. Егер бұл жоба қазір жүзеге асырылса, жол үш есеге жуық қысқарады. Яғни егер қазір 400 км болса, тау шатқалдары арқылы Ыстықкөлге баратын төте жол шамамен 100 км болады", - деді Айдос Көбетов.

    Оның айтуынша, сараптама қорытындысы бойынша Қазақстан үшін құрылыстың экономикалық тұрғыдан қаншалықты орынды екені анықталады. Қырғызстан да осындай сараптама жүргізеді.

    Егер екі тарап та жобаны жүзеге асыруды қолдаса, жол құрылысына байқау жарияланады.

    Алматыдан Ыстықкөлге тау арқылы төте жол салынуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram