Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте жергілікті блогер мен оның сыбайласы болуы мүмкін тағы үш адам ұсталды

    Күдіктіні ұстау
    Күдіктіні ұстау. Видеодан кадр: polisia.kz

    Шымкентте блогер мен оның сыбайласы болуы мүмкін тағы үш адам ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар азаматтардан ақша бопсалаған деп, хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялайтынын айтып қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысты деп күдікке ілінген топтың жолын кескен.

    Жедел іс-шаралар барысында Instagram-дағы аккаунтында 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталған.

    "Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған. Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен", - делінген хабарламада.

    Күдіктілер ұсталып, қамауға алынған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Шымкентте жергілікті блогер мен оның сыбайласы болуы мүмкін тағы үш адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram