ШҚО-да жас жігітті ажалдан арашалап қалған мұғалім мен оқушылар марапатталды
Жарияланған күні:
ШҚО-да суға батып бара жатқан жігітті құтқарып қалған мектеп мұғалімі мен оқушылар марапатталды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖД-ның мәліметінше, оқиға 13 маусымда Бұқтырма кентіндегі демалыс орындарының бірінде болған.
Кенет жас жігіт суға бата бастаған. Мұны байқаған оқиға куәгерлері – Серебрянск қаласындағы №4 орта мектептің оқушылары абдырап қалмай, ересектермен бірге дереу көмекке ұмтылған.
Құтқару операциясы кезінде мұғалім Берік Тұрқанов ерекше рөл атқарған. Ол гидроциклді пайдаланып, зардап шегушіні жағаға жедел жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Педагог пен оқушылардың бұл батыл әрекеті назардан тыс қалмаған.
ШҚО ТЖД ержүректігі, бейжай қарамағаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін Берік Тұрқанов пен оның шәкірттері – Нұртілек Жамиев пен Сабыр Нұрғазыны алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар тапсырған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2395450-shqo-da-zhas-zhigitti-azhaldan-arashalap-qalgan-mugalim-men-oqushylar-marapattaldy/