Алакөлге бара жатып, жол таба алмай қалған шетелдікке полицейлер көмекке келді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Талдықорғандық полицейлер Алакөл көліне бара жатқан жолда бағытынан жаңылып, жол таба алмай қалған шетелдік туриске көмек көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының жазуынша, қызмет атқару барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері абдырап тұрған шетелдік азаматты байқап, көмек қажет пе екенін білу үшін қасына барған.
Тілдік кедергіге қарамастан, олар бастапқы ағылшынша білімдерінің арқасында және онлайн-аудармашының көмегімен бірден түсінісіп кеткен.
Полицейлер туристің бағытын нақтылап, карта арқылы Алакөлге қалай жетуге болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берген.
Шетелдік қонақ тәртіп сақшыларына көрсеткен көмегі, сыпайылығы, жанашырлығы мен қонақжайлығы үшін алғысын айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2395376-alakolge-bara-zhatyp-zhol-taba-almai-qalgan-sheteldikke-politseiler-komekke-keldi/