Алматы тауларында 74 жастағы әйел адасып кетті
Жарияланған күні:
Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары тауда адасып кеткен зейнеткерді тапты. 74 жастағы әйел тауға көтерілгеннен кейін, жол таппай қалған, деп хабарлайды ТЖМ.
Алматы облысының Талғар ауданындағы "Ақбұлақ" тау шаңғысы курорты аумағында тауға аспалы жолмен көтерілгеннен кейін адасып кеткен 74 жастағы әйелге құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел аттанды. Аспалы жолмен жоғары көтерілген олар таулы аумақты тексеруге кірісті.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде егде бақылау алаңынан шамамен 3 шақырым төмен жерден табылды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге алып шықты.
Зейнеткердің жағдайы қанағаттанарлық болды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2394691-almaty-taularynda-74-zhastagy-aiel-adasyp-ketti/